Эпидахуалды бағалау матрицасы: Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысы «қызыл» аймақтан шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 16 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
Айта кетейік, кеше 15 ақпанда «қызыл» аймақта тұрған Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы «сары» аймаққа өтті.