Эпидемиологиялық маусым басталғалы Астанада жедел респираторлы вирусты инфекцияны 18 605 адам жұқтырды

Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Сарқыт Бейсенова мәлім етті.
«Эпидемиологиялық маусым басталғалы (40 апта) Астана қаласында жедел респираторлы вирусты инфекцияларды (ЖРВИ) жұқтырудың 18 605 жағдайы тіркелді. Қарқынды көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 2562,9-ды құрады. Бұл өткен жылғы эпидемиологиялық кезеңінен 1,1 есеге төмен. Тұмау жағдайлары тіркелген жоқ. Соңғы 47 аптада ЖРВИ-дің 2 479 жағдайы тіркелді», - деді ол.
С.Бейсенова атап көрсеткендей ЖРВИ-ді жұқтырған науқастардың басым денін, нақты айтқанда 75 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр. Соның ішінде 0-2 жас аралығындағы балалар - 48 пайыз. Науқастардың 6 пайызы ауруханаға жатқызылды.
Астана қаласында тұмау жағдайына зертханалық қадағалау 2009 жылы енгізілген - барлаушы эпидемиологиялық қадағалау жүйесінде жүргізіледі. Жүйеге қалалық 4 емхана (4,5,7,8) мен инфекциялық стационарлар кіреді. Зертханалық мониторинг нәтижесінде парагриптің 13 және аденовирусты инфекцияның 3 түрі белгіленді. Қалада тұмау жұқпаларының аталмыш түрлері анықталған жоқ.