Эпидемиологиялық жағдай жақсарған өңірлерде карантинді жеңілдету мәселесі қаралады – ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екі апта бойы эпидемиологиялық жағдай жақсарған өңірлерде карантин шарасын жеңілдету мәселесі қаралады. Бұл жайлы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні республика «жасыл» немесе тәуекелі төмен аймақта тұр. Тәуекелі жоғары немесе «қызыл» аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы бар. «Сары» аймақта жеті өңір – Алматы қаласы, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Атырау облыстары бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта. Екі апта бойы эпидемиологиялық жағдай жақсарған өңірлерде карантин шарасын жеңілдету мәселесі қаралады», - деді Роза Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысының айтуынша Нұр-Сұлтан қаласында өткен екі апта ішінде коронавирус жұқтыру жағдайы 1,3 есе, Жамбыл облысында 1,7 есе, Атырау облысында 2,4 есе, Алматы облысында 1,5 есе өскені байқалған.

«Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, тәуекелі жоғары өңірлерде күшейтілген шаралар сақталуда. Сонымен қатар барлық өңірде ұжымдық мерекелерді өткізуге тыйым салынды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар