11:48, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Эпидемиялық маусым басталмай жатып Астанада тұмаудың 3411 оқиғасы тіркелді
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Ауа райының жылы болғанына қарамастан, жылдың күзгі уақыты адамдардың денсаулығына көптеген жайсыздықтар алып келеді.

Мәселен, бүгінгі күні Астанада өткір респираторлық вирустық инфекциясын жұқтырудың 3 411 оқиғасы тіркелді. Дегенмен, Астана қалалық Санэпидқадағалау департаментінің мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1 есеге (3 616) аз.
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, бүгінде елордада тұмауға қарсы 9 040 адам, соның ішінде 2 811 бала егілді.