Эпилепсиямен ауыратын жасөспірімге робот-хирург алғаш рет сәтті ота жасады - ғылым
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық нейрохирургтер эпилепсияға шалдыққан 15 жастағы баланың миына отаны барынша тиімді жасау үшін роботтандырылған технологияларға жүгінді.
«Vademecum» сайтының хабарлауынша, робот мидағы зақымдалған бөлікті анықтауға көмектесіп, кейіннен хирургиялық жолмен алынды.
Тырысқақ ұстамалардың болуына мидың осы бөлігі жауап береді. Робот микроскопиялық дәлдікпен имплантациялауға көмектесті.
Робот-хирург қатысқан соңғы ота жасалған сәттен бері екі аптаға жуық уақыт өтті. Осы уақытта жасөспірімде бірде-бір ұстама болмаған.
Дәрігерлер оның толық сауығып кетуінен үмітті. Бұл ота өте қымбат болғандықтан көптеген пациенттер үшін әзірге қолжетімсіз.