Ер адам 4 келі есірткіні колония қоршауының ішіне лақтырғалы жатқан кезінде ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шу облысында ер адам 4 келі есірткіні колонияға өткізбек болған. Бұл туралы бүгін КирТАГ Қырғызстанның есірткі затын бақылау бойынша мемлекеттік қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Атап айтқанда, бүгін шамамен сағат 4:30 Ново-Покровка ауылында №3 түзету мекемесінің аумағында мекеменің қоршауынан есірткі затын лақтырмақ болған Жалалабад облысының 1993 жылғы тумасы ұсталды. Тінту кезінде одан 4 келі қара-жасыл түсті зат табылып, тәркіленді.

Ұсталған уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар