Ер адам екі қабатты үйін iPhone 6-ға ауыстырғысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Детройт қаласында риэлторлық агенттіктің сайтына ер адам екі қабатты үйін сататынын немесе оны iPhone 6-ға айырбастайтынын айтып, хабарландыру қалдырған. Fox-2 телеарнасы хабарлағандай, кірпіш үй сатылымға 5 мың долларға маусым айында қойылған. Алайда өзінің ойындағыдай болмағасын, сатушы жылжымайтын мүлігін жаңа iPhone 6-ға немесе жады 32 гигабайт болатын iPad планшетіне ауыстыруға дайын екенін мәлімдеді.

Ер адам екі қабатты үйін iPhone 6-ға ауыстырғысы келеді

Ал жылжымайтын мүлік бойынша агент Ларри Эльси бұның жалған хабарлама екенін айтуда.

Айта кетейік, Детройт осыдан 40 жыл бұрын, Америка автоөнеркәсібінің жағдайы нашарлағанда құлдырай бастады. Қазір қалада шашамен 700 мыңға жуық адам тұрады. Он жыл бұрын мегаполистің халқы 1,8 миллион адамды құраған. Детройт тұрғындарының азаюына байланысты қалалық қазынаға түсетін салық түсімі де азайды, инфрақұрылым бұзылып, қылмыс деңгейі өсті.

«Моторлар қаласы» бұрыннан АҚШ-тың криминалды астанасы болып саналады - ондағы қылмыс деңгейі елдегі орташа көрсеткіштен бес есе жоғары.

2013 жылдың 3 желтоқсанында АҚШ-тың автокөлік астанасы банкрот деп танылды. Судья қала өз қарыздарын төлей алмайды деген шешім шығарды. Осылайша, Детройт АҚШ тарихындағы банкрот болған ірі қалаға айналды. «Моторлар қаласының» қарызы 18 миллиард долларды құрайды.