Ер адам екі учаскелік полицейді атып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Псков облысындағы елді мекеннен қаза тапқан екі ер адамның денесі табылды. Қаза тапқандардың екеуі де - полицейлер.
Екі учаскелік полицей отбасылық жанжалды шешуге шақырумен келген. Алдын ала болжам бойынша, полицейлерді әйелімен ұрысқан ер адам атуы мүмкін.
Артынша Невельский ауданының тұрғыны өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды "Интерфакс". Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр.