13:26, 29 Маусым 2016 | GMT +5
Ер адам қазақ-қырғыз шекарасынан 7 кг астам героин алып өтпек болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-қырғыз шекарасында ірі мөлшерде героин тасымалдаған ер адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Көкнәр-2016» операциясының шеңберінде «Жасыл төбе» шекара бекетінің жасағы ішкі істер органдарымен бірлесе отырып бүгін Қырғыз елінен Қазақстанға бет алған ер адамды ұстады. Сөмкесін тексеру кезінде өзіндік иісі бар сұр түсті зат салынған 5 брикет табылды. Болжам бойынша героин. Жалпы салмағы 7 кг. Ұстау фактісі бойынша құқық қорғау органдары мен өзара байланыстағы органдар хабардар етілген.