Ер адам құны 3,5 млн. рубль болатын алтынды көлігінде тығып келген

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Магаданда 37 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол көлігінде алтын құймаларын сақтап келген, деп хабарлайды Магадан облысының прокуратурасынан.

Ер адам құны 3,5 млн. рубль болатын алтынды көлігінде тығып келген

Зерттеу барысында анықталғандай, ер адам көлігінде жалпы құны 3,5 млн. рубль болатын 2 келіден аса алтын құймаларын сақтап келген көрінеді. Оның айтуынша, ол бұл алтынды тауып алған. Табылған құймаларды полиция қызметкерлері тәркіледі. «Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары Магадан қалалық сотына жіберілді», - деп жазады Газета.Ru.