15:06, 16 Наурыз 2017 | GMT +5
Ер адам Мемлекеттік дума алдында өзін-өзі өртеуге әрекеттенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Мемлекеттік думасы ғимаратына кіреберісте өрт сөндіру құралы бар күзет қызметкерлері белгісіз ер адамды қоршап алды.
Оқиға бейсенбі күні таңертең Мемлекеттік дума ғимаратының орталық кіреберісінде болған, деп хабарлады "Интерфакс".
Мемдума ғимаратына тек параламентке кіруге рұқсат беретін құжаттар мен рұқсат қағазын тексергеннен кейін күзет пункті арқылы ғана кіруге болатыны белгілі. Әдетте бұл жерде бір ғана күзетші тұратын.
Орталықтан қолдарында өрт сөндіру құралдары бар бірнеше күзет қызметкерлері жүгіріп шығып, белгісіз ер адамды қоршап алды. Ғимаратқа кіреберіс жабылды. Дума комитеттері бірінің басшының айтуынша, өзін-өзі өртеу әрекетінің алды алынған.