Ер адам пәтерінің терезесінен көшеде кетіп бара жатқандарға оқ жаудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Ростов облысындағы Рассвет кентінде 38 жастағы ер адам пәтеріне бекініп алып, көшеде өтіп бара жатқандарға терезеден оқ жаудырған.

Ер адам пәтерінің терезесінен көшеде кетіп бара жатқандарға оқ жаудырды

Бұл туралы LifeNews телеарнасы хабарлады. Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл аттанып кеткен. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, ер адам өтіп бара жатқандарға және полиция қызметкерлері келген сәтте есікке туралап бірнеше рет атқан. Алдын ала болжамға қарағанда, ол Макаров тапаншасымен атқан.