Ер адам сауда орталығындағы эскалатордан құлап, мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан қаласында сауда орталығына келген ер адам эскалатордан құлап, ажал құшты. Куәгерлердің мәліметтерінше, 54 жастағы Алмаз Фаттахов көтергішпен үшінші қабаттан түсіп келе жатқан.

Ер адам сауда орталығындағы эскалатордан құлап, мерт болды

Алдын ала ақпарат бойынша, мас күйінде болған ел адам таянышқа сүйенбек болған, бірақ

орнында тұра алмай, төменде кездейсоқ өтіп бара жатқан адамның үстіне құлады.

Фаттахов алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен екінші адамның бұғанасы сынып, ми жарақатын алды. Ол Қазан қаласының жетінші ауруханасына жеткізілді.

Адам өлімінің фактісі бойынша тергеу алдындағы тексеру амалдары жүргізілуде, деп жазады tvzvezda.ru.