Ер адам ұлымен бірге 14 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Ногинск қаласында ер адам 7 жасар ұлымен бірге 14 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті. Екеуі де оқиға орында көз жұмды.

Ер адам  ұлымен бірге 14 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті

Бұл келеңсіз жағдай бейсенбі күні шамамен сағат 19.00-де Интернационалист көшесінде орналасқан 14 қабатты үйде орын алған. 33 жастағы үйдің отағасы

Валентин Сивоконь әйелімен жанжалдасып қалғаннан кейін, киноға барамыз деп ұлын өзімен бірге алып кеткен. Алайда киноға барудың орнына ол үйдің төбесіне шығып, баланы қолына алып, төменге секірген, деп хабарлайды Lifenews.ru .

Тергеушілердің пікірінше, қайғылы оқиға ерлі-зайыптылардың арасындағы дау-дамайдың салдарынан болып отыр.