Ер адамдар отбасылы болған соң достарынан алыстай бастайды - психологтар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үйленгеннен кейін 40 жасқа келгенде ер адамдардың ортасымен, достарымен әңгімелесуге деген құлшынысы азайса, әйелдердікі керісінше артады. Еуропалық елдердегі осы жас шамасындағы 3 млн ұялы телефон пайдаланушыларының қоңыраулары туралы ақпаратты сараптаған финляндиялық ғалымдар осындай тоқтамға келді.
Шамамен 25 жастан кейін ерлердің араласу ортасы кеми бастайды. 40 жасқа қарай ол тұрақты болып, кейін тағы азаяды. 60 жастан кейінгі ерлер қоғамнан оқшауланған сияқты, дейді мамандар.
Росбалт жазғандай, 25 жасқа дейін ерлер де, әйелдерде достарына көп уақыт бөледі. Ерлер барлығымен әңгімелесе береді, ал әйелдер уақытты жолдасының жанында өткізуге ұмтылады. Бұл уақытта әлеуметтік байланыстар саны ең көп деңгейге жетеді.