Ер адамды кастрациялау оқиғасы: Сот жабық түрде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ер адамды кастрациялауға қатысты сот ісі жабық түрде өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ер адамды кастрациялау оқиғасы: Сот жабық түрде өтеді

«Аталған іс бойынша сот отырысы бүгін жабық түрде өтеді», - деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Астана қаласының Ішкі істер департаменті аталған оқиға бойынша тергеуді аяқтап, іс материалдармен қалалық прокуратура айналысып жатқаны хабарланған болатын.

Прокуратура кейін істі сотқа жолдаған.

Еске сала кетсек, қаңтар айында 36 жастағы келіншек сүйіктісін жыныстық мүшесінен айырғысы келген болатын. Кейінірек қансыраған ер адамды өз көлігімен ауруханаға алып баруға мәжбүр болған.

 

Фото: livekuban.ru