Эр-Рияд әуежайында "Люфтганза" әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - "Люфтганза» әуе компаниясының тасымалдаушы ұшағы Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы «Халед Патша» әуежайында апатқа ұшырады.
«Әл-Арабия» телекомпаниясы хабарлағандай, кісі өлімі болмаған. Ұшақтың екі ұшқышы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Корольдіктің Азаматтық авиациясы бас басқармасының баспасөз хатшысы телекомпания өкілдеріне өрт сөндірушілер отқа оранған ұшақты сөндіріп жатқанын жеткізді.