Эр-Риядта №132-ші сайлау учаскесі жұмыс істеуде - Қазақстанның Саудиядағы елшілігі
АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Эр-Риядта жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де №132-ші сайлау учаскесі ашылды.
Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшігінің жанынан ашылған бұл учаскеге Сауд Арабиясы, Кувейт, Бахрейн және Катарда тұратын қазақстандық азаматтар келіп, өздерінің саяси еріктерін жүзеге асыра алады.
Сондай-ақ көшпелі дауыс беру процедуралары жүргізіліп жатқан Жидда мен Мединадан жеткізілетін бюллетень жәшіктері де Қазақстан заңнамасымен белгіленген уақытта ашылатын болады.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Елшілігінің кеңесшісі Серік Жұмабековтың атап көрсетуінше, Эр-Риядта дауыстар саналып біткеннен кейін, оның қорытынды құжаттары арнайы поштамен Астанаға жөнелтіледі.