Ералы Тоғжанов өңірлерде инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылумен танысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту» жол картасы аясында жергілікті жерлердегі әлеуметтік мәселелерді шешетін келешегі зор жобаларға баса назар аударылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жұмыспен қамту» жол картасы аясында жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобалар ведомствоаралық комиссия отырысында өңірлермен бірге пысықталып, қабылданды. Жергілікті жерлердегі әлеуметтік мәселелерді шешетін келешегі зор жобаларға баса назар аударылды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жұмысшыларға 2 айлық көлемінде көтерме жалақы беру, санитарлық және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мобильді пункттер ашу бойынша тиісті нормативтік өзгерістер толықтай қаралуда. Әр апта сайын «Жұмыспен қамту» жол картасы аясында өңірлердің жұмысын мониторингілеп, қажеттілігіне қарай ведомствоаралық комиссияның отырысында талқылаймыз«, - деді ол.

Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары өңірлерді аралау барысында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысатындығын айтты.

»Асқар Ұзақбайұлы, өңірлерге жұмыспен қамту шараларын тиімді және сапалы орындалуын, бөлінген қаражатты мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуді тапсыруыңызды сұраймыз«, - деп өтінді Ералы Тоғжанов Премьер-Министр Асқар Маминнен.


Соңғы жаңалықтар