Ералы Тоғжанов «Pfizer»-ді жаппай қолдану мен Қайрат Боранбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан аумағында «Pfizer»-ді қолдану аясының кеңеюіне Қайрат Боранбаевтың ұсталуының еш қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ералы Тоғжанов «Pfizer»-ді жаппай қолдану мен Қайрат Боранбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

«Pfizer» екпесін қазақстандықтардың жаппай салдыруына жол ашатын шешім шыққан еді. Мұның Қайрат Боранбаевтың ұсталуы әсер еткен жоқ па», - деп сұрады БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейін вице-премьер Ералы Тоғжановтан.

«Оның ешқандай қатысы жоқ. Ол азаматтың компаниясының айналасында (...) «Спутник» вакцинасына байланысты ғой. Сондықтан «Pfizer»-ге ешқандай байланысы жоқ. Бүгін бізде «Pfizer»-дің 2 миллионнан астам дозасы бар. Оны азаматтардың толықтай алуына мүмкіндігі бар. Онымен қоса бізде Қытайдың вакцинасы да жеткілікті. Әлі 2 миллионға жуық дозасы бар. Онымен қатар өзіміздің вакцина бар. Ай сайын 500 мың доза шығып жатыр. Сондықтан қазір азаматтарға үш түрлі вакцина бойынша толықтай мүмкіндік беріп отырмыз», - деді Ералы Тоғжанов.