Ерасыл Әубәкіровтің өліміне күдікті үш азамат тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағының 7-бөлігінде көзделген (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасалған адам өлтіру) қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін А.Тихоненко, В.Шерстенев, Н.Әжімбай екі айға қамауға алынды.
None
None

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың 10 ақпанында Астана қаласының ішкі істер органдарының жедел-іздестіру іс-шарасы барысында із-түзсіз жоғалып кеткен Е.Әубәкіровтің мүрдесі табылған болатын.

Соңғы жаңалықтар