Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа келіп түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада елордалық медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа түсті. Бұл туралы елордалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
«Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына бағытталды», - деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда із-түзсіз жоғалған. 10 ақпанда Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бұдан бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Е.Әубәкіровтің денесін тапқан болатын. Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай ұсталды.
Қазіргі таңда А.Мейірбаев қылмыстық іс бойынша күдікті болып отыр.