Ерасыл Мұрат ITF G5 «Tirana Open» теннис турнирінде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші  Ерасыл Мұрат Тирана (Албания) қаласында өткен  ITF G5 турнирінде жеңімпаз атанды. Ол финалда Артур Феруды 6:3,6:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Ерасыл Мұрат ITF G5 «Tirana Open» теннис турнирінде жеңіске жетті

Турнир барысында Ерасыл Мұрат жартылай финалда Марио Алексистен (Черногория) басым түсті. Матч қорытындысы - 6:3,5:7,6:1. Турнирдің ширек финалында үш сетте Сербиядан келген Никола Кижач есімді теннисшіні 3:6,7:5,6:3 есебімен жеңді. Екінші раундтағы матчта жерлесіміз италиялық Андреа Де Берчиді, ал бірінші айналымдағы матчта Аустриядан келген Леон Ройдерді 7:5, 6:0 есебімен жеңіп шықты.