Ербол Қарашөкеев сүт импорты қашан азаятынын айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан 573 мың тонна сүт импорттап жатыр. Бұл туралы Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биыл жалпы қуаттылығы 58 мың тонна болатын жарма мен макарон өнімдері және 21 мың тонналық крахмал өнімдерін өндіретін 11 инвестициялық жобаны іске асыру басталды. Азық-түлік өнімдерін өндірудің жалпы көлемінде сүт өнеркәсібінің үлесі 16% құрады. 2022 жылы өндірілген 3,9 млн тонна тауарлық сүттің 1,9 млн тоннасы 172 кәсіпорында өңделді. Ішкі тұтыну көлемі 2,3 млн тонна

, - деді Е. Қарашөкеев.

Оның айтуынша, сапалы шикізаттың жетіспеуі әрі қымбат болуы сүтті қайта өңдеудегі тежеуші факторға айналды.

Өндірілген сүттің 73 пайызы жеке қосалқы шаруашылықтар үлесіне тиесілі. Нәтижесінде ішкі нарықта сүт өнімдері импортының үлесі жоғары. Бұл тұрғыда шикі сүт түрінде қайта есептесек, шамамен 573 мың тоннаға жетіп отыр. Осы мәселені жүйелі шешу үшін тауарлық сүт фермаларының желісін құру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату қадамдары жасалып жатыр. Осы мақсатта биыл республикалық бюджеттен жалпы қуаттылығы жылына 373 мың тонна сүт өндіретін 65 тауарлық сүт фермасын құруға 100 млрд теңге бөлінді. Алдағы екі жылға 50 тауарлық сүт фермасын құруға қосымша 113 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл қадамдар екі жыл ішінде ел өңірлерінде 115 ірі тауарлық сүт фермасын құруға және отандық сүт зауыттарын жеткілікті көлемде сапалы шикізатпен қамтамасыз етуге, импортқа тәуелділікті 573 мың тоннадан 33 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді

, - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, сары майды, ірімшік және құрғақ сүтті өндіруге шикізат сатып алуға өңдеу кәсіпорындарының шығындары қосымша субсидияланады. Кейінгі 7 жылда сүтті мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемі 1,8 есеге артып, 2022 жылы 22,5 млрд теңгені құрады (2016 жылы – 12,1 млрд теңге).


Соңғы жаңалықтар