Ербол Мырзабосынов дзюдодан жүлде еншіліген жеңімпаздарды марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Семей қаласындағы «Абай-Арена» спорт кешенінде дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы күні өтті. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жарысты арнайы тамашалап, ел біріншілігінде топ жарған спортшыларды марапаттады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Ербол Мырзабосынов дзюдодан жүлде еншіліген жеңімпаздарды марапаттады
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Сондай-ақ чемпиондар мен жүлдегерлерді марапттау рәсіміне ҚР Президентінің көмекшісі және дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев, Олимпиада және әлем чемпионы Елдос Сметов, әлем чемпионы Максим Раков қатысты.

Ербол Мырзабосынов дзюдодан жүлде еншіліген жеңімпаздарды марапаттады
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Жүлделі болған спортшылар: 

 -48 кг:

1. Тасним Абдуали (Шымкент қаласы)

2. Іңкәр Құралбай (Жамбыл облысы)

3. Зарина Құсадин (Алматы қаласы)

3. Әсел Русланова (Атырау облысы)

-60 кг: 

1. Талғат Орынбасар (Шымкент қаласы)

2. Тоқтар Үміталиев (БҚО)

3. Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)

3. Асылхан Зинулин (БҚО)

-52 кг:

1. Меруерт Сәрсенова (Маңғыстау облысы)

2. Іңкәр Төлепбергенова (Жетісу облысы)

3. Аружан Ережепова (Алматы облысы)

3. Сара Шұғаева (Алматы қаласы)

-66 кг:

1. Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)

2. Ақылжан Жұбатқанов (Ақтөбе облысы)

3. Ақжігіт Насыр (Алматы облысы)

3. Мейірбек Байзақов (Жамбыл облысы)

Бүгін жарыстың екінші күні әйелдер -57, -63, -70 кг, ал ерлер -73 және -81 кг салмақта жүлдеге таласады.

Айта кетейік, маңғыстаулық палуан Парижде дзюдодан әлем чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар