Ербол Тілешов Астананың тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндеттерін атқарушы болып тағайындалды
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың бұйрығымен тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндеттерін атқарушы болып,
бұған дейін бұл басқармадағы «Руханият» ЖШС-нің директоры қызметін атқарған Ербол Ердембекұлы Тілешов тағайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі.
Ол 2012 жылдың 15 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауының қорытындысы бойынша төменгі палатаның депутаты болып сайланған Оразгүл Асанғазының орнын басты.
«Руханият» ЖШС-нің директоры болып бұған дейін «Астана ақшамы» газетінің директоры-бас редакторы қызметін атқарған Амантай Жарылқасынұлы Шәріп тағайындалды. Ерболат Тілекқабылұлы Кәменов «Астана ақшамы» газетінің редакторы болды.