Ерболат Досаев макроэкономикалық саясат шараларын үйлестірудің маңызы туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімді қолдайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық Банк Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім бастамасын қолдайды. Келісімде ақша-кредит, салық-бюджет саясатын және құрылымдық саясатты, сондай-ақ орнықты экономикалық өсу, жұмыспен қамту және баға тұрақтылығы бойынша мақсатқа қол жеткізу үшін қаржы секторын дамыту саясатын үйлестіру мақсатында 3 мүдделі тараптың бірлескен міндеттемелері көзделді. Ұлттық банктің қызметі инфляцияны біртіндеп төмендетуге бағытталады. Бұл экономикадағы белгісіздікті төмендетіп, ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді жинақтардың тартымдылығын қамтамасыз ете отырып, бизнеске ұзақ мерзімді инвестицияларды жоспарлауға мүмкіндік бере отырып, оның тұрақты өсуіне ықпал етеді», - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру үшін Ұлттық Банк өтімділікті реттеу тиімділігін арттырады. Үкіметпен мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) нарығын дамыту жөніндегі бірлескен шаралар экономиканың қажеттіліктері үшін нарықтағы өтімділікті тиімді пайдалануға ықпал етеді. Өтімділікті тиімді байланыстыру бағамға және инфляцияға қысымды төмендете отырып, қаражаттың валюта нарығына әкетілуін болдырмайды.


Соңғы жаңалықтар