12:25, 30 Қаңтар 2019 | GMT +5
Ерболат Досаев медицинаны цифрландыру нәтижесін баяндады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев емханаларға қолжетімділік пен саланы цифрландыруға қатысты баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Емханалардағы кезекті төмендету мен қолжетімділікті арттыру үшін 1 142 жаңа дәрігерлік учаске, 97 бастапқы медициналық-санитарлық көмек нысаны құрылды. Сонымен қатар, дәрігер қабылдауына онлайн жазылу енгізілді. Нәтижесінде, бүгінде емханалардағы адам кезегі екі есеге төмендеді», - деді Е. Досаев.
Оның сөзіне қарағанда, азаматтардың 90 пайызында электрондық денсаулық паспорттары бар. Сәйкесінше, елдегі барлық медициналық мекемелер электрондық құжат айналымға толықтай көшті.