Ерболат Досаев тасқынның бетін қайтаруға көмектескен алматылықтарды марапаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.

Мерекелік бағдарлама «Береке – бірлікте» жалпыреспубликалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап, жеткізуге атсалысқан, еріктілерді, белсенді азаматтарды, мәдениет қайраткерлері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерін марапаттаудан басталды.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмекті жинауға және жеткізуге белсене атсалысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының меценаттарына, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысына тасқының бетін қайтаруға барған еріктілерге, коммуналдық мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне рахмет айтып, алғыс хаттар табыс етті.

Қала басшысының атынан алғыс хат алғандар:
• Долкунтай Абдулхалил – Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының төрағасы;
• Махмуд Эляс – «Ариана» ауған орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
• Гахраман Садиев – «Әзірбайжандар қауымдастығы» РҚБ Алматыдағы филиалының төрағасы;
• Андрей Шин – «Алматы корей ұлттық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
• Әбубәкір Войнце – «Дүнген қазақстандық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
• Манас Тәшібеков – «Мұрас»қырғыз этномәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары;

• Рустам Қайрыев – Алматыдағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің кураторы, Алматы қаласындағы ҚХА су тасқыны салдарынан зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек жинау жөніндегі штабтың басшысы;
• Анна Торосян – Алматыдағы «Жастар Ассамблеясы» РҚБ өкілдігінің төрағасы;
• Омар Мұхаммедсаруар-Алматыдағы «Жастар Ассамблеясы» РҚБ өкілдігінің мүшесі;
• Ғани Кандиев – ерікті, Алматы қоғамдық Кеңесінің сарапшысы;
• Сакен Ибраимов – «Алматы тазалық» жүргізуші-механик;
• Оразғали Омар – ерікті;
• Оқас Қуаныш – «Самұрық Констракшн тобы» жүк көлігінің жүргізушісі;
• Айдар Сұлтаноа – «Adala Construction» инженер жолшысы;
• Асанова Шолпан – Алматы-1 станциясының аға жүк қабылдау-тапсырушысы.
