Ерболат Досаев: «Зерделі» шағын ауданындағы құрылыс жұмыстары 2 ай ішінде аяқталуға тиіс

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ерболат Досаев қаладағы нысандарды аралау барысында Зерделі шағын ауданындағы барлық жұмысты шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Еске салсақ, 2016 жылы 30 үй қисайып, тұрғындардың өміріне қауіп төнген еді. Бұл жағдай топырақ құрамының өзгеруі және құрылыс технологиясының бұзылуына байланысты болған. Үйдің іргетасын нығайту жұмыстары 7 жылға созылды. Алматы әкімінің тікелей араласуының арқасында былтыр жұмыс жанданды. Қазір жұмыс аяқталуға жақын.

Ерболат Досаев жауапты компанияға үйлерді нығайту жұмыстарын 2 ай ішінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар Алматы әкімі шағын аудандағы жерді абаттандыруды жеке бақылауына алды. Бұрын бұл жерде қаңыраған 2 үй тұрған еді. Құрылыс мәселесін шешу үшін «ҚазҚСҒЗИ» АҚ 2022 жылы техникалық зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, құрылыс аяқтауға жарамсыз деп танылды және бұзылды.

Құрылысты аяқсыз қалдырған «Daniya constraction» компаниясы сот шешімімен лицензиясынан айырылды. Енді әкімдіктің қолдауымен бұзылған үйлердің орнына саябақ, футбол, волейбол алаңдары мен воркаут салынады. Бұған қоса, «Зерделі» шағын ауданында дене шынықтыру кешені, 380 балаға арналған жатақханасы бар 720 орындық кәсіби техникалық мектеп пен 550 орындық жалпы білім беру мектебі және саябақ пайда болады.


Соңғы жаңалықтар