Ердоған Илон Маскке Түркияда Tesla шығаратын зауыт ашуды ұсынды

Ердоған Илон Маскке Түркияда Tesla шығаратын зауыт ашуды ұсынды
Фото: Anadolu Agency

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Нью-Йоркте SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маскпен кездесті. Бұл жайында Анадолы агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Президент Илон Маскты Нью-Йорктегі Türkevi-нде қабылдады. Маск қонаққа ұлын ертіп келді.

Президенттік коммуникациялар кеңсесінің мәлімдемесіне сенсек, Ердоған Маскке Түркияның технологиялық жетістіктері, Digital Turkey Vision бағдарламасы және ұлттық жасанды интеллект стратегиясы туралы баяндап берген.
Ол Tesla-ның түрік нарығына шығуы Togg өндірісінің іске қосылуымен тұспа-тұс келгенін еске салды.

Ердоған Tesla компаниясының жетінші зауытын Түркияда салуға шақырды. 

Кездесуде президент Ердоған Түркия жоғары технология саласындағы ең маңызды өндіруші елдердің бірі екенін айтып, елдің ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы жетістіктерін мысалға келтірді.

Маск келешекте соғыстар қазіргі заманғы ұшқышсыз ұшақтар арасында жүргізілетінін және әлемнің Bayraktar-дың ұшқышсыз ұшу аппаратына деген қызығушылығын білетінін айтты.

Түркия президенті Маскты Измирдегі Teknofest фестиваліне шақырды.

Соңғы жаңалықтар