05:24, 26 Сәуір 2025 | GMT +5
Ердоған мамыр айында Әзірбайжанға барады
АСТАНА. KAZINFORM – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған келесі айда Әзірбайжанға барады, деп хабарлайды Report агенттігі «A Haber» телеарнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, 29 сәуірде Ердоған IV үкіметаралық саммитке қатысу үшін Италияға барады. 3 мамырда Солтүстік Кипр Түрік Республикасында өтетін TEKNOFEST технология фестиваліне қатысады.
Түркия президенті маусым айында АҚШ астанасы Вашингтонға барады деп күтілуде.
Айта кетейік, бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 2025 жылдың мамыр айының басында Әзербайжанға ресми сапармен баратынын жаздық.