Ердоған Меккеге қажылыққа барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Меккеге кіші қажылыққа барды. Сауд Арабиясына сапары барысында ол Масджид әл-Харам мешітінде болды.

Ердоған Меккеге қажылыққа барды

Ердоған өзінің зайыбы Эминемен, Түркия СІМ басшысы Мәуліт Чавушоғлы және басқа да министрліктер басшыларымен бірге қажылық парызын өтеді, деп жазады Утро.ру.

Түркия делегациясы сондай-ақ Мединедегі Масджид ән-Набави мешітінде болмақ, бұл жерде Мұхаммед пайғамбар жерленген.

Түркия Президенті Сауда Арабиясына король Салман ибн Абдул-Әзиз Әл Саудтың шақыруымен келді.