Эрдоған СІМ басшысы Ахмет Дәуітоғлыны премьер-министр етіп тағайындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия президенті лауазымына бүгін кіріскен Тайип Эрдоған Ахмет Дәуітоғлыны премьер-министр етіп тағайындады. Сондай-ақ елдің жетекші Әділдік пен даму партиясының көшбасшысы болып сайланды, деп хабарлады РБК.
None
None

Бұдан бұрын Дәуітоғлы Түркияның сыртқы істер министрі лауазымын атқарды, оның жаңа тағайындалуы күтілген жағдай болатын.

Эрдоған 10 тамызда өткен алғашқы Түркия президентін тікелей сайлауда жеңіске жетті. Заңнамаға өзгеріс 2012 жылғы қаңтарда енгізілді. Ал 1923 жылдан бастап мемлекет басшысын парламент сайлап келген.

Эрдоған түрік үкіметін 2003 жылғы наурыздан бастап басқарып келеді, оған дейін Ыстамбұл мэрі болған. Сайлауалды үгіт-насихат барысында ол сайлаушыларға Түркияны әлемдегі көшбасшы елге айналдыруға, негізгі заңға президентке барынша өкілеттік беретін өзгерістер енгізуге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар