10:08, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Эрдоган СІМ басшысын Түркия премьері лауазымына ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия президенті болып сайланған Реджеп Тайип Эрдоган сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглуды премьер-министр және әділеттілік пен даму партиясының көшбасшысы қызметіне ұсынды, деп хабарлады Reuters.

ӘДП Давутоглу кандидатурасы бойынша 27 тамызда өтетін съезде дауыс береді. Ал Эрдоганның өзі мемлекет басшысы ретінде 28 тамызда ант қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, Эрдоган 10 тамызда өткен Түркия президентінің сайлауында жеңіске жетті. Ол Түркия үкіметін 2003 жылдан бері басқарып келеді. Оған дейін Стамбул мэрі қызметінде болған еді.