Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ердоған Түркиядағы барлық әскери училищенің жабылатындығын мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қарулы төңкеріс жасау әрекетінен соң барлық әскери училище жабылатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Gazeta.ru.

Ердоған Түркиядағы барлық әскери училищенің жабылатындығын мәлімдеді

Олардың базасында қорғаныс университеті құрылатын болады.

Тиісті шешім Түркия үкіметінің ресми басылымында 31 шілде күні жарияланады.

Бұдан бұрын Түркияда әскери төңкеріс жасауға қатысы бар деген күдікке іліккен 758 әскери қызметшінің қамаудан босатылғаны хабарланған еді.