Ерекше дөңгелекті бесік-арбалар жұрт назарына ұсынылды - Expo-2013 көрмесі

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Технологияның соңғы жетістіктері пайдаланып жасалған арба Baby Expo-2013 көрмесінде жұрт наразына ұсынылды.

Ерекше дөңгелекті бесік-арбалар жұрт назарына ұсынылды - Expo-2013 көрмесі

Арбада автоматтық жүйе орнатылған, деп хабарлайды 24.kz.

Сеул тұрғындары көрмеге дән риза. Оның ішінде Денсаулық сақтау министірлігімен мақұлданған балаларға арналған түрлі қажетті заттар бар. Өндіруші компаниялар заттың тек ыңғайлылығына ғана емес, экологиялық таза өнімдер қолдануға аса мән берген. Шара ұйымдастырушының бірі Ли Вон Сиктің айтуынша, балалардың төсеуіштері аса сұранысқа ие болып отыр. Себебі олар өте жұмсақ, әрі зиянсыз болып келеді. Көрмеде түрлі көрпе-жастықтарды, ойыншықтар және балалар тамағын сатып алуға да мүмкіндік туды.