Ерекше гауһар тасты сырға рекордтық сомаға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Женевада Sotheby's  аукционында әлемде өте сирек кездесетін гауһар тасты сырға рекордтық сома- $57,4 млн-ға сатылды.

Ерекше гауһар тасты сырға рекордтық сомаға сатылды

Бұл әлемдік рекорд болып саналады, салмағы 14,5 және 16 карат  асыл тас өзінің тазалығымен және өзгеше түсімен әлемдегі ең әдемісі болып есептеледі: сырғаның бірі алқызыл, ал екіншісі көгілдір.

«Бұл тастар өте сирек кездеседі, қысқаша қайырғанда олар таңдай қақтырарлықтай»,- деп мәлім етті Sotheby's  халықаралық  зергерлік бөлімшесінің басшысы Дэвид Беннет.

Алғашында олар бәссаудада бір-бірінен бөлек  қойылады деп  жоспарланған  болатын. Бірақ нәтижесінде екі сырғаны да аты белгісіз адам сатып алды.