Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ерекше кадр: Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде фототұзаққа марал түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қызықты кадр түсірілді, деп хабарлайды ҚР Экологи және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде фототұзаққа марал түсіп қалды
Фото: видеодан алынған скрин

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, марал фототұзаққа жақындап, камера объективіне тура үңілген. Нәтижесінде әдеттегі кадрдың орнына осындай ерекше «портрет» шықты.

-Камераға деген қызығушылығы басым болғаны сонша — бір сәтте кадрда маралдың өзі емес, оның көзі мен тұмсығы ғана қалды. Табиғат кейде ең сәтті кадрдың сценарийін өзі жазады,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Шарын паркінде қарақұйрықтар фототұзаққа түсіп қалған болатын.