Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында басқару ісі халықаралық талаптарға сай емес ? «Жасыл қорғаныш» экологиялық қоғамының төрағасы

АЛМАТЫ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында басқару ісі халықаралық талаптарға сай емес.

Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында басқару ісі халықаралық талаптарға сай емес ? «Жасыл  қорғаныш» экологиялық қоғамының төрағасы
Оны «Жасыл қорғаныш» экологиялық қоғамының төрағасы Сергей Куратов бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына кіру ақысы көп жағдайда билетсіз алынады. Көпшілік демалатын орындарда қоқыстар тау боп үйіліп жатады. Автомобиль жолдары мен көпірлерге жүйелі жөндеу жүргізілмейді. Сүрлеу жолдар мен өткелдер нашар жабдықталған және саябақтарда тіпті қарапайым қауіпсіздік сақталмайды», дейді Сергей Куратов. Оның айтуынша, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында әлі қоғамдық кеңес құрылмаған. Заңда рұқсат етілсе де ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына қолдау көрсететін жеке қорлар жоқ. Парктердің қоғамдық ұйымдармен, жалпы жұртшылықпен және жергілікті тұрғындармен арадағы ынтымақтастық қатынасы өз деңгейінде емес.