Ерекше құбылыс: егіздер екі әкеден туған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнамда егіз ұл екі бөлек әкеден туған болып шықты. Бұл мысықта жиі кездеседі, алайда адамда сирек болатын құбылыс. Ол Вьетнамда алғаш рет тіркеліп отыр, деп жазады ресейлік vesti.ru басылымы.
None
None

Viet Nam News хабарлауынша, егіздер бұдан екі жыл бұрын дүниеге келген. Олардың ата-аналары сәбилердің бір біріне ұқсамайтынын байқаған. Өйткені, бірінің шашы бұйра, екіншісінікі түзу әрі ұзын. Туыстарының ықпалымен 34 жастағы балалардың әкесі ДНК тестін тапсырған. Сараптама ұлдардың гендері әртүрлі екендігін көрсеткен. Яғни, сарапшылар бір ұлдың әкесі келіншектің некелі күйеуі еместігін анықтаған. Ол егіздің тұңғышынан екі тәуліктен кейін барып бойға біткен болып шықты.

Перзентханада баланы ауыстырып алу мүмкін. Осы болжамды жоққа шығару үшін егіздердің шешесі де талдау тапсырды. Тест оның екі ұлдың туған анасы екендігін көрсетті.

Қазір отбасы Ханойдағы Генетикалық талдау орталығына осы феноменді зерттеу бағдарламасына келісімін берді. Тек балалардың және ата-анасының аты-жөні, мекен-жайы құпия ұсталады деген шарт қойылды.

Әзірге әлемде әртүрлі әкенің ұрығынан жаралған 10 егіздер жұбы бар.

Оның бірі Польшада, бірі - Испанияда, екеуі АҚШ-та, тағы екеуі Үндістанда тіркелген.

Соңғы жаңалықтар