Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Д. Қуанышев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының жаңа жұмыс тобын басқарады

АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Дулат Қуанышев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының жанынан құрылған жаңа жұмыс тобын басқарады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі хатшылық отырысында жаңа жұмыс тобы құрылып, оның құрамына түрлі діни өкілдіктен оншақты мүшелер сайланған болатын. Осыған орай, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған жұмыс тобына сәттілік тілеп, алдағы жылдары хатшылық шеңберінде бірлесе атқаратын ауқымды шаралар күтіп тұрғанын еске салды. «Менің ойымша, осы топтың жұмысы тиімді бола түседі. Оның үстіне хатшылықтың қазіргі құрамы да көпжылғы тәжірибелері бар, аса білікті өкілдерден тұрады. Ал жаңа жұмыс тобы хатшылықтың келесі отырысының күн тәртібін нақтылап, съездің келесі басқосуына қатысты материалдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады», деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар