Ерен ерлігі үшін «Айбын» орденімен марапатталған Ж. Баянбаевқа «лейтенант» шені берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі генерал-полковник Құлмұханбет Қасымовтың бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының мақтанышы, әрі батыры сержант Жандос Баянбаевқа алғашқы «лейтенант» офицерлік шені берілді.
None
None

Лейтенанттық погондарды оған Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Әлібек Серәлиев жеке өзі табыс етті. Бұл туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, 2014 жылғы 5 желтоқсанда «Алматы-Семей» бағытында сотталғандарды жоспарлы темір жол қарауылымен тасымалдау барысында қарауыл жеке құрамы аса ауыр қылмыстар үшін сотталған азаматтың қарулы шабуыл арқылы күзеттен қашып шығу әрекетін тойтарды. Қарауыл бастығының көмекшісі сержант Жандос Баянбаев пен сақшы ефрейтор Нұрасыл Мүбараков өздерінің отты қарудан жарақат алғандарына, өмірлеріне төнген нақты қауіпке қарамастан жауынгерлік қызметін жанқиярлықпен орындап, арам пиғылды қылмыскердің өз ойын жүзеге асыруына жол бермеді.

Көрсеткен ерен ерліктері үшін Қазақстан Республикасының Президенті - Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 7552 әскери бөлімі қарауыл бастығының көмекшісі сержант Жандос Баянбаевты 3-дәрежелі «Айбын» орденімен, ал сақшы ефрейтор Нұрасыл Баянбаевты «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар