Ереуілшілер Түркия Премьер-Министрінің қызметінен кетуін талап етті
АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Түркия астанасы Анкара мен Рейханлы қаласында халық ереуілге шықты,
деп хабарлайды 24.kz.
Жиналған жұрт жуырда Сирия шекарасы маңында орналасқан Рейханлы қаласында болған екі мәрте жарылыстарға қатысты Үкіметтің тиісті әрекет етпегеніне наразылығын білдірді. Естеріңізге салсақ, сол кезде жарылыстан 51 адам қаза тауып, шамамен 100 адам жараланған болатын. Шеру барысында ереуілшілер мен полиция арасында қақтығыс басталды. Салдарынан кем дегенде 3 адам жараланды. Ашынған жұртты тарату үшін тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданды. Наразы халық елдің Премьер-Министрі Реджеп Тайып Эрдоғанның қызметінен кетуін талап етті.