Ереванда Ақсақалдар кеңесінің сайлауы басталды
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Армения астанасы Ереванда бүгін, жексенбіде Ақсақалдар кеңесінің сайлауы басталды.
Сағат 8. 00-де Ереван аумағында 474 сайлау учаскесі ашылды.
Дауыс беруге 842 147 адам қатыса алады. Сайлау учаскелері 20. 00-ге дейін жұмыс істейді. ОСК деректеріне сәйкес сайлау барысын бақылауға 17 бақылаушы ұйым тіркелді. Мониторингті 5138 бақылаушы жүзеге асырады.
«Ереван қаласында жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңға сәйкес ақсақалдар кеңесі 65 мүшеден тұрады, олар 4 жылға сайланады. Егер партиялардың бірі 50 пайыздан астам орынды иеленсе, осы партиялық тізімді басқаратын кандидат Ереванның мэрі болады.
Бұл сайлауға үш саяси күш қатысуда: Армения республикалық партиясы, «Елк» оппозициялық блогы және «Еркир цирани» («Страна абрикоса») оппозициялық партиясы.
Қазіргі мэр Тарон Маркарян 2011 жылы сайланған.