Ереванда әлі 6 адам тұтқында отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арменияда полиция бөлімшесінде әлі 6 адам тұтқында отыр. Олардың барлығы - тәртіп сақшылары, деп хабарлады 24.kz.

Ереванда әлі 6 адам тұтқында отыр

Айта кеткен жөн, бұған дейін Ереванда қарулы топ полиция бөлімшесіне басып кіріп, ондағы адамдардың барлығын тұтқынға алған еді. Күштік құрылым өкілдерімен болған атыс кезінде 1 адам қаза тауып, үшеуі жараланған.

Жергілікті билік жақын маңайдағы жолдарды жауып тастап, ғимаратты қоршауға алды. Тәртіп сақшылары бөлімшені басып алған шабуылшыларды өз еріктерімен берілуге шақырып жатыр.