Ереванда екі тұтқын-полицей босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ресми өкілі Еревандағы қарулы топтың кепілге алған екі полицейді бүгін, жексенбі босатқанын растады.
Бұл жайында мекеменің баспасөз қызметі басшысы Самсон Галстян хабарлады, деп жазады ТАСС.
«Бүгін қарулы топ екі тұтқынды, яғни екі полицейді өз еркімен босатты», - деді ол.
«Келіссөз жүргізу процесі әлі жалғасуда, соңғы келіссөздерде қалған екі полицейді босату туралы және басқа да мәселелер талқылануда.
Келіссөз мүддесіне байланысты, басқа мәліметтерді жариялай алмаймын», - деді ҰҚҚ өкілі