Ереванда қарулы топ дәрігерлерді кепілге алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ереванда қарулы топ олардың талап етуімен зардап шеккендерге көмек көрсетуге келген дәрігерлерді кепілге алды. Бұл туралы Армения полициясының ресми өкілі мәлім етті, деп хабарлады ТАСС.
Қазіргі уақытта «құқық қорғаушылар келіссөз арқылы дәрігерлерді босату үшін шаралар қабылдауда», - деп атап өтті ол.