Қазақстан мен Армения туризм саласын бірлесіп дамытуға уағдаласты

Бизнес-форум
Фото: Kazinform

ЕРЕВАН. KAZINFORM – Еревандағы Қазақстан мен Армения бизнес-форумы аясында екіжақты экономикалық қатынастарға жаңа серпін беруге арналған құжаттар топтамасына қол қойылды.

Қол қойылған құжаттардың ішінде Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Арменияның сауда-өнеркәсіп палатасы, туризм, инвестиция, сауда саласындағы мемлекеттік құрылымдар мен бизнес арасындағы меморандумдар бар. Сонымен қатар, қазақстандық және армениялық мұнай-газ және мұнай-химия компаниялары арасындағы өндіріс және оқшаулау туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Ереванда ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен АР Экономика министрі Геворг Папоянның қатысуымен Қазақстан-Армения бизнес-форумы өтті. Форумда елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастар, туризм, логистика және өндіріс салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды.

Қол қойылған құжаттар тізімі:

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Арменияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

«Қазақ инвест» АҚ мен Арменияның Инвестицияларды ынталандыру агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Армения Туризм Федерациясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

«AirGas-Eurasia» ЖШС мен «RSV GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 4 типті композиттік баллондарды өндіру туралы келісім.

«AirGas-Eurasia» ЖШС мен «ГАЗАРТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы модульдік өндірісті оқшаулау туралы келісім.

«Legal Consulting Community Limited» ЖШС мен «Логовит» заң фирмасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Соңғы жаңалықтар