Ереванда «ТМД аруы - 2017» байқауы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арменияның өкілі Ереванда өткен «ТМД аруы - 2017» байқауында жеңімпаз атанды.

Ереванда «ТМД аруы - 2017» байқауы өтті

Жеңімпаз тәжін армениялық модель Шушан Ерицян иемденді. Бұл титулға ТМД елдерінен 23 қыз үміткер болды.

Финалдың қазылар алқасында Арменияның үш, Ресейдің төрт және басқа да ТМД елдерінің өкілдері болды.

Байқаудың жүлде қоры 16,2 миллион драмды (33 мың доллар) құрады.